ҚОСТАНАЙДА МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ПРОФЕССОР ЖАНДІЛДӘ МАҚАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ ӨТТІ
07.10.2019
1342
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
ҚОСТАНАЙДА МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ПРОФЕССОР ЖАНДІЛДӘ МАҚАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ ӨТТІ
Тас-таяқ жарысына 16 әуесқой спортшы қатысты.
Жарыстың бас төрешісі Дәмер Қалқаев болды.
Жарыстың ашылу салтанатына облыстық мәдениет басқармасы басшысы Ерлан Болатұлы Қалмақов қатысты. Ол Ж. Мақановтың қазақ қоғамына сіңірген еңбегі туралы сөз етті.
Сондай ақ, қайраткердің бильярд спортын ойнағаны туралы айтты.
Жарыс финалына "Қостанай таңы" газетінің қос тілшісі – Нұрқанат Құлабай мен Қыдырбек Қиысхан шықты.
Бұл бәсекеде Қыдекең дәлдік танытып, бас жүлдеге ие болды. Ал үшінші орынды облыстық телеарнаның директоры Ербол Ипбергенов иеленді.
Жүлдегерлерді Жанділдә Мақановтың досы, Қазақстанның құрметті журналисі Жанұзақ Аязбеков марапаттады.
Жарыстың ұйымдастырумен айналысқан Қасқырбай бауырымызға ерекше алғыс.