27 мамыр күні Қостанай қаласында, Қазақстандағы Жастар жылына арналған "Өнеріміз саған,Қазақстан!" облыстық көркемөнерпаздар xалық шығармашылығы фестивалінің Гала концерті өтті
27.05.2019
1641
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
27 мамыр күні Қостанай қаласында, Қазақстандағы Жастар жылына арналған "Өнеріміз саған, Қазақстан!" облыстық көркемөнерпаздар xалық шығармашылығы фестивалінің Гала концерті өтті
Байқаудың қорытындысы бойынша ІІІ орынды Федоров, Қарабалық, Амангелді аудандары мен Қостанай қаласы иеленді.
Олар дипломмен және 500 мың теңгелік сертификатпен марапатталды.
Жітіқара ауданы мен Арқалық қаласы II орынға ие болды және 1 миллион теңгелік сертификатпен, дипломмен марапатталды. I орынға Қостанай ауданы мен Рудный қаласы лайықты деп танылды. Бірінші орын иегерлері 1,5 миллион теңгелік сертификатымен және дипломмен марапатталды.
Ал биылғы, XXXIII облыстық көркемөнерпаздар xалық шығармашылығы фестивальінің Гран-при жеңімпазы - Әулиекөл ауданы деп танылды. Бас жүлде иегерлеріне 2 миллион теңгенің сертификаты және диплом табысталды.
Бүгінгі жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!