Фестиваль мәреге жетті: Өңірімізде көркемөнерпаздар халық шығармашылығы фестивалінің қорытындысы жарияланды. Биылғы Жастар жылы аясында «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атауымен өткен ХХХІІІ облыстық байқау Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылып отыр.