27 мамырда Қостанайда «Өнеріміз саған, Қазақстан!» Гала-концерті өтеді!
23.05.2019
1625
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
27 мамырда Қостанайда «Өнеріміз саған, Қазақстан!» көркемөнерпаздар халық шығармашылығының ХХХІІІ облыстық фестивалінің Гала-концерті өтеді!
Гала-концерт бағдарламасында Қостанай облысының аудандық және қалалық мәдениет үйлерінің үздік шығармашылық ұжымдары мен орындаушылары өнер көрсетеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мәдениет қызметкерлері күніне арналған «Рухани қазына-2019» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталады.
27 мамыр, сағат 17.00, Қостанай қ. «JASTAR SARАIY» (Жастар сарайы) Юбилейный мкр.