altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzynkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
@REPOST @FB_Батырлан_Сағынтаев Облыстық оқушылар айтысынан. Фотосуреттер 1992 жылғы облыстық айтыс кезінде түсірілген. Мақала 1993 жылғы облыстық оқушылар айтысы жайлы жазылған.
31.10.2023
359
0
Теги: Айтыс
@REPOST @FB_Батырлан_Сағынтаев 


 
Облыстық оқушылар айтысынан. Фотосуреттер 1992 жылғы облыстық айтыс кезінде түсірілген. Мақала 1993 жылғы облыстық оқушылар айтысы жайлы жазылған.
 
АТ ТҰЯҒЫН ТАЙ БАСАР
Оқушы ақындар айтысынан
 
Таяуда Кеншілер мәдениет үйінде Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған мектеп оқушыларының II облыстық ақындар айтысы өтті.
Республика күні мейрамымен тұспа-тұс келген осы бір өнер сайысын қызықтаушылар өте көп болды. Қазіргі егемендікке қолы жеткен республика мектептеріндегі халықтық педагогиканың бағдарламасының бір саласы – айтыс өнеріне оқушыларды тартып, таланттар көзін ашып жатқан ұстаздар еңбегін қалайша құптамассың. «Өнер алды – қызыл тіл» деп тіліміздің қасиетін соншалықты бағалап көтерген Абайды бүгінгі ұрпақтарынын қандай деңгейде кадірлейтінін естіп, білудің өзі бір ғанибет. Өнер сүйер қауымның мұнда жиналуының да мәнісі осында жатса керек. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деп артына данышпандық сөз қалдырған ұлы Абай:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең, – деп өлең құдіретіне тереңнен бойлап, оны мәпелеп, аялай білу, сөйтіп талант көзін ашу керектігін сол кездің өзінде-ақ ескертіп кеткен емес пе. Ендеше халқымыздын мақтанышы Абайдың 150 жылдығын әлем деңгейінде атап өтуге жаппай дайындалып жатқан күндерде мектеп оқушылары айтысының ұлы ақынға арналуының өзі де орынды еді.
Айтыс – атадан балаға мирас болып келе жаткан ежелгі ауыз әдебиетіміздің бір саласы. Сөз атасы – өлең, десек, бүгінгі өткізіліп отырған айтыс та өлең. Өлең болғанда қандай? Сурып салатын төкпе жырдың бастауы. Ал, осы бір балауса айтысқа өз орталарынан дара шығып, сайыс додасына қатысатын жас талапкерлердің өлен өріндегі аяқ алысы қалай? Оны көзбен көріп, құлағың естімей сараптау қиын. Міне, сондықтан да бүгінгі жиналған көрермен қауымның да, әділ қазылар алқасының да бар ынтасы сахна төріндегі айтыскер өрендерге ауған.
Айтысты әділ қазылар алқасының төрағасы Жалғасбек Сүлейменов ашып, айтыскерлерге сәттілік тіледі. Айтыс қашанда ән-жырсыз, күмбірлеген күйсіз, бұралған бисіз өтпесе керек. Айтысты ұйымдастырған облыстық білім басқармасы қызметкерлері бұл шараға ерекше назар аударғанын осындағы көрсетілген өнерпаздар өнерінен байқадық. Айтыста облыс мектептері бойынша он жұп қатысты, Әсіресе, Амангелді, Жангелдин, Арқалық аудандары мектептерінен келген жас айтыскерлердің айтыс өнеріне құштарлығы кімді болса да сүйсіндіріп отырды. Тағы бір қуанарлығы, бұрын-соңды айтыс тұрмақ түгілі, қазақи салт-дәстүрлерімізді марапаттайтын мектеп оқушыларының әртүрлі шараларына қатыса алмай жүрген Державин ауданынан жас талапкерлердің келуі көңілге ерекше жылылық әкелді.
Сонымен, айтыс сүйер қауымның бар назары сахнада. Ана сүті аузынан әлі кетпеген, сары ауыз балапандардың жауапкершілігі мол айтыс өнерін мойындап, тайсалмай көптің алдына шығуының өзі халқымыздың намысты қолдан бермейтін батылдығын еске түсіріп тұрғандай. Алғашқы айтысқа шыққандар Арқалық қаласынан Анар Бегалина мен жангелдиндік Нұрлыбек Қожықов айтыс өнерінің заңдылығын жақсы білетіндігін байқатты. Одан кейінгі айтысушылар амангелділік Дулат Әбдіғалиев пен Жаннұр Ипбергенова (Арқалық қаласы Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-интернат) айтыстары мазмұнды да мәнді болды. Айтыс тақырыбы Абайға арналғандықтан, Жаннұрдың:
Бұл айтыс арналады ұлы Абайға,
Патшасы өлең сөздің данасына-ай, – деп келетін, өзіне тән мақамымен шыққан жыр жолдары салмақты да жарасымды болды. Жангелдиндік Абзал Алпысов пен Аян Жақановтың (Амангелді) айтысы бұлардың ізденіс үстінде екенін аңғартты. Әсіресе, Абзалдың сөз ұйқастарымен қарсыласының сөзіне орай жауап беру мәнері оның ұшқырлығы мен сезімталдығын көрсете білді. Айтыс кезегі Айбек Қалиев пен Мамай Ізтілеуовке келгенде осы бір екі жас талаптың Көкше өңірінде өткен айтысқа қатысып оралғанда, жастар ісі жөніндегі облыстық комитетте болған қуанышты кездесу еске түсті. Бұлар өткен жылы Көкшетау қаласында Республика күні құрметіне жастар арасында өткізілген аймақтық айтысқа қатысып, бірінші орынды иемденіп қуантқан. Жас та болса айтыс өнеріне ысыльш қалғандарын бірден байқатты. Алғашқыда Абай туралы, оның ойшылдығын өлең-жырмен қозғаған олар енді еркін тақырыпқа көшейік деп келісті. Шіркін, айтыс өнеріне еркіндік кірді дегенше, айтыскердің делебесі қозып, сөз маржандары өздігінен төгіліп сала бермей ме?! Қалай десек те, айтыскерге керегі еркіндік-ау. Екі өрім заман ағымына орай айтысты. Айтысқанда қалай десеңізші, арнасынан аспай, тізгінді жібермей еркін отырды. Арасында өздеріне тән балалық сөзімен әзілге де жол берді. Еркіндік демекші, айтыс үстінде жас талапкерлердің алдын орамай, қолпаштап отырған әділ қазылар алқасының мүшесі айтыскер ақын Әлфия Орманшинаның бапкерлік өнері бұл жерде де айрықша көрінді.
«Ат шаппайды, бап шабады» демекші айтыскерлер Толқын Сұлтанова (Амангелді) мен Аянжол Медеуұлының (Арқалык ауданы), Нина Оспанова (Жангелдин) мен Серік Бабанқұмардың (Державин) айтыстары көптің көңілінен шыққаны сонша, көпшілік оларды көтермелеуден жалықпады. Серік алыстан келген қандастарымыздың баласы екенін айта келіп:
«Ауданым аты – Державин орыс аты, – деп көңілінде жүрген ойын жыр жолына қосып, қазақ жерінің мүшкіл хал-ахуалын бала жүрегімен қинала айтқанда қарсыласының да, көрермендердің де қынжылып қалғаны рас еді.
Сонымен, айтыстың алғашқы күні аяқталды. Айтысқа түскен он жұптың ішінен бес жұп ұпайы әрі айтыскерлігі жағынан ерекше көрініп, бұлар келесі күнгі мәреге айтысуға жолдама алды. Және енді олардың қарсыласы да өзге болды. Олар – Мамай Ізтілеуов пен Аяжол Медеуұлы, Айбек Қалиев пен Таңатар Ғалин, Абзал Алпысов пен Толқын Сұлтанова, Дулат Әбдуалиев пен Мерей Өмірзақова, Серік Бабанқұмар мен Аян Жақанов.
Айтыс додасы қызған келесі күні кеншілер Мәдениет үйінің залы адамға лық толды. Бәрінің де назары бәйгеге қосқан тайларының шабысын сынағысы келгендей айтыскерлерде. Кеше ғана айтысып, көпшілікке бойы үйреніп қалған Абзал мен Толқынның айтысы бүгін мүлде басқа қырынан көрініп сала берді. Тек әдептен озбай отырып, еркін айтысу тапсырылған олардың Республика күнін ұмытпай өлең жолдарына қосуы, ұлы Абай рухын марапаттауы сәтті шыкты. Осы жерге келгенде Толқын:
Артына мұқалмастай біз қалдырған,
Өшпейтіндей соңына із қалдырған.
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
 
Тағыда өзгеше бір толғанайын,
Шашуға жыр-шашуын сайланайын.
Қазаққа Абайдайын ұл сыйлаған,
Анасынан қазағымның айналайын, – дегенде Абзал:
Оны айтпай ақын калай жата алады,
Түзетіп мұндай жерде қаталарды.
Абайдай ұл сыйлаған қазағыма,
Еске алайық Құнанбайдай аталарды, – деп ойланбастан жауап беруі көптің ризашылығын білдірді. Ал, өткен жылғы ақындар айтысының жүлдегері Айбек Қалиевтің соңғы мәреде айтысқан сөздері түйдек-түйдек, ойлы жатты. Ол:
Құлпырған кең жазира жерден келдім,
Киелі қасиетті белден келдім.
Ахмет, Міржақып пен Нұрхан туған,
Кие қонып, бақ дарыған елден келдім.
 
Торғайдың желіп жүрген құланы едім,
Елімнің ерке өскен ұланы едім.
Ағамыз Қонысбайдың соңына ерген,
Өнерпаз қарт Торғайдың ұланы едім.
«Тай басар ат тұяғын» деген екен,
Тұлпардың ізін басқан тұяғы едім, – деп мәуелі сөздің мәйегін үсті-үстіне төпеді-ай дерсің. Мәреге шыққан алты талапкердің сайыстағы ұпай көрсеткіштері бірдей болды. Дегенмен, айтыс заңдылығын, сөз саптауын, мақамын, мәдениетін еске алсақ бас бәйге біреуіне ғана берілуі керек. Дәл осы жерге келгенде әділказылар кәдімгідей ойланып қалды. Төраға Жалғасбек Сүлейменовпен осы бір жас талаптарды айтыс өнеріне баулуда күш-жігер жқмсап жүрген айтыскер ақын Әлфия Орманшиналар болып шешкенде – Абай атындағы бас бәйге Абзал Алпысовқа тиесілі болды. Айта кететін бір жай айтыскерлердің талаптарын одан әрі ұштау мақсатында егеменді еліміздің қайта жаңғыруын ескере отырып, туған топырағымыздан түлеп ұшқан, артында өшпес мұра қалдырған ақын-жыршыларымыздың есімдері атында жүлделер беру көзделген еді. Міне, енді солар бүгінгі айтыста ерекше көзге түскен жас өрендерге тапсырылды. Олардың ішінде Толқын Сұлтанова Нұрхан Ахметбеков атындағы жүлдеге, Айбек Қалиев Сәт Есенбаев атындағы жүлдеге ие болса, қалғандарына Қарсақ, Файзолла, Құтжан, Сейдахмет ақын, Назарбек Бектемісов, Ахметхан Әбіқаев, Сәндібек Қалиев атындағы жүлделер беріліп, көпшілікті риза етті. Мұның өзі өнерге тұнып тұрған Торғай топыраңының аяулы да дарынды адамдарының аруағы жас өрендерді қашанда жебей жүрсін дегеннен туған ой еді.
Айтысты облыстық білім басқармасының бастығы Әділхан Жүсіпов қорытындылады. Демеушілер жас айтыскерлерге сыйлығын ұсынды. «Тұлпардың ізін басқан тұяғы едім»,– деп Айбек Қалиев айтқандай, осы бір талапкерлердің ертеңгі күні тұяқ болмай ат тұяғын басар тай болуына шынай тілек білдіріп, біздер де күн жарымға созылған айтыс өнерін қошаметтеп қала бердік. Осы айтысты өз дәрежесінде өткізуге күш салған, демеуші болган көптеген ұйымдар мен шағын кәсіпорындардың шынайы қамқорлығына риза болыстық.
Күлсайран Батырғалиева
«Торғай таңы» газеті, 25.12.1993 жыл.

#ГидПоКазахстану
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
13.07.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 13 шілде күні Приреченка және Окраинка ауылдарының тұрғындары үшін Денисов ауданы Жалтыркөл ауылдық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Қостанай облысы әкімінің қаулысымен бекітілген КPI бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Туған елім - туған жерім» атты концерттік бағдарлама көрсетті.
11.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @marat_zhundubaev  ✅ Биыл Қостанайда миллионға жуық түрлі біржылдық гүлдер отырғызылды. Өткен жылмен салыстырғанда отырғызылған тамырлар саны 100 мыңға көбейді
11.07.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 10 шілде күні Қырым мәдени-демалыс орталығының шығармашылық ұжымы Қостанай облысының әкімі бекіткен КРІ бағдарламасын іске асыру шеңберінде Архангельск ауылдық клубында Архангельск ауылының тұрғындары үшін «Туған елім - туған жерім» атты концерттік бағдарламасымен өнер көрсетті.
10.07.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 5 шілде күні Қарағанды қаласы Сәкен Сейфуллин драма театрында өткен республикалық «Ортеке» этнофестиваліне Қытай, Моңғолия, Астана, Алматы, Қарағанды қалалары мен Ақмола, Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу облыстарынан 19 қатысушылардың арасында Қостанай облысы атынан Денисов ауданынан Ғазезов Бекзат Батырболатұлы қатысты. Бекзат Батырболатұлы Ортекеге арналған авторлық күйін орындап өз қолымен жасаған Ортекені ойнатты.
10.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 5-7 шілдесі аралығында Челябі облысы, Пластовский ауданы, Демарино кентінің жанында 30 (отызыншы) мерейтойлық Бүкілресейлік Бажовский фестивалі өтті
09.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TV: Тобыл жағалауында күй күмбірледі
09.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
НК: Қостанайда домбыра күні атап өтілді
08.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда күй күмбірледі
08.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @byaidarr Домбыра күні құтты болсын Қостанай🇰🇿🪕
07.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 07 шілдеде қала тұрғындары мен қонақтары үшін жағалауда 310 домбырашының қатысуымен Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік бағдарлама өтті
07.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
НК:#REPOST @nashkostanay Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні
07.07.2024
Денисов дом культуры
Ұлттық домбра күнімен құттықтаймыз!
06.07.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 6 шілде күні Қамысты ауданының шығармашылық ұжымдары Денисов ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Көркейген өңір» марафонын іске асыру аясында «Тұған елім – тұған жерім» концерттік бағдарламасымен өнер көрсету.
06.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 06 шілдесінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін қала орталығында Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама өтті
06.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
ASTANA TV: ҚАНАТ — ӘСЕМ РАЖАНОВТАР «БАҚ ҚҰСЫМ»
06.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
Ұлттық домбыра күні құтты болсын!
06.07.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 6 шілде күні Денисовка ауылының орталық алаңында Астана күнін мерекелеу аясында "Менің Астанам" мерекелік бағдарламасы өтті
06.07.2024
Денисов дом культуры
2024 жылғы 6 шілдеде Денисовка ауылында Ұлттық домбыра күніне арналған "Жан серігім домбыра" өңірлік домбырашылар фестивалі өтті, оған Қамысты ауданы мен Жітіқара қаласының қонақтары қатысты!
05.07.2024
Б. Майлин дом культуры
Бас қаланың туған күніне
04.07.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 4 шілдес күні «Таза Қазақстан» жобасы аясында Денисов аудандық мәдениет үйінің аумағында сенбілік өтті
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
QOSTANAI TV: Тобыл жағалауында күй күмбірледі
Автор: Қостанай қ. дом культуры
09.07.2024
Ary qaraı
НК: Қостанайда домбыра күні атап өтілді
Автор: Қостанай қ. дом культуры
09.07.2024
Ary qaraı
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда күй күмбірледі
Автор: Қостанай қ. дом культуры
08.07.2024
Ary qaraı
НК:#REPOST @nashkostanay Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні
Автор: Қостанай қ. дом культуры
07.07.2024
Ary qaraı
Ұлттық домбра күнімен құттықтаймыз!
Автор: Денисов дом культуры
07.07.2024
Ary qaraı
ASTANA TV: ҚАНАТ — ӘСЕМ РАЖАНОВТАР «БАҚ ҚҰСЫМ»
Автор: Қостанай қ. дом культуры
06.07.2024
Ary qaraı
Ұлттық домбыра күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. дом культуры
06.07.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý