Федоров ауданында "Сарбаз" жастар ҚБ бастамасымен және Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы, Федоров ауданы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен мүмкіндіктері шектеулі шығармашыл жандарға арналған «Шексіз шығармашылық-2023» атты аймақтық шығармашылық фестивалі өтті
Мақсаты мүмкіндіктері шектеулі адамдардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, өнерін көрсетіп, қолдау білдіру.
Фестиваль хореография, вокалдық, аспаптық, театр өнері және көркем оқу өнері номинациялары бойынша өтті.
Фестивальге 9 өнерпаз қатысып, өздерін көрсете білді.
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының тіккен арнайы жүлде сыйлығын Қостанай ауданынан келген Бозщина Рая Сәбитбекқызы еншіледі.






