Таразда Кенен Әзірбаевтың шығармаларына арналған республикалық ХІ «Шырқа, даусым!» дәстүрлі әншілер байқауы өтті
Әншілер мерекесіне еліміздің әр қиырынан үміткерлер қатысып, бақ сынады.
Қостанай облысының атынан қатысқан Жасұлан Өтемұратов жүлделі екінші орынға ие болып, марапатталды.
Талғат Молдағалиевтің шәкірті.
Бүгінде Алматы қаласында білім алып, өнерін ұштауда.
Тобыл өңірінің атын шығарып, өнерімен бағаланған Жасұланды марапатымен құттықтаймыз. Өнерің үстем болсын!
#ГидПоКазахстану
