
«Сити-орталық» сахнасында салтанатты ашылған «Dala Fest» шығармашылық марафоны аяқталды. Оған облысымыздың әр ауданынан әншілер келіп, әндерін орындап, көпшілікке көңіл күй сыйлады.
Әулиекөл ауданынан келген «Ернат» тобы «Отаным – қазақ елім», Қарасу ауданынан «Жігіттер» тобы «Бір ел болса», «Мақтанамын», «Қазақстаным» әндерін әуелетті, жітіқаралық «One Soul» тобы «Аңсағаным», науырзымдық Әменовалар отбасылық тобы да, Ұзынкөл ауданының «Атамекен» тобы да тамаша әндерді орындап шықты. Бұл үрдістен Қарабалық, Сарыкөл, Меңдіқара, Б.Майлин, Қостанай аудандарының өнерпаздары да қалыс қалмады. Сити-орталық сахнасы маңына жиналған көрермен риза болып тарқасты.
Шараны Қостанай облысының әкімдігі мен облыстық мәдениет басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырып отырғанын еске саламыз.
#ГидПоКазахстану





