«Айтыстың Ақсұлуы…» Ақсұлу Орысбайқызының 150 жылдығына арналған облыстық айтыс ақындардың басын Жітіқара төрінде қосты. Сөз барымтасында өзара бақ сынаған айтыскерлер көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көптің көкейінде жүрген мәселелерді өлең-жырына арқау етті.