Қаламызда өтетін Сейіт Кенжеахметов атындағы "Мірдің оғы" республикалық әзіл-сықақ театрларының байқау-фестиваліне 7 облыстан 12 театр ұжымы қатысады
22.05.2023
717
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Бүгін қонақтар Қостанайға келді. Олар қаладағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, ішкі ауладағы «Ату жазасы орындалған қабырға» тарихи ескерткішіне барды. Музейдің экспозициялық залдарын аралап, жәдігерлермен танысты. Қонақтар құнды ақпараттар алып, ризашылықтарын білдірді.
Ертең "Мірдің оғы" республикалық әзіл-сықақ театрларының байқау-фестивалі бастау алатынын тағы еске саламыз.
Өтетін орны: Қостанай ауданы "Алтын дән" мәдениет үйі.