Жаңа таланттарға жол ашып, жастардың шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттыру. Қостанайда дәстүрге айналған «Алтын микрофон» халықаралық ән байқауы өтіп жатыр. Бірнеше мемлекеттен келген таланттардың басын қосқан шарада 82 үміткер бақтарын сынауда. Өңірдің айшықты шараларының біріне айналған байқаудың биылғы ерекшелігі неде? Жеңімпаздарды қандай жүлде қоры күтуде?