«Алтын микрофон» халықаралық байқауына қатысып, бақ сынау үшін үміткерлер елімізбен қоса әлемнің әр елінен де келді.
19.04.2023
597
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Бүгін қазылар алқасының төрағасы Жеңіс Сейдоллаұлы бастаған қонақтар Қостанай қаласының көрнекті жерлерін аралап, облыстық тарихи-өлкетану музейінде, көркемсурет галлереясында болды.
Музейдің жәдігерлерімен, бөлімдерімен танысып, ризашылықтарын білдірді. Музей қызметкерлері өлкеміздің тарихынан сыр шертіп, мәдени мұрасын көрсетті.
Қонақжайлық танытқан музей қызметкерлеріне алғыс айтамыз.
Бүгін байқаудың алғашқы кезеңі бастау алатынын естеріңізге сала кетейік.