#Repost @erlankalmakov • • • • • • Қостанайда IV халықаралық "Наурыз достарын шақырады" би өнерінің фестивалі өтіп жатыр.
Ұлыстың ұлы күнінде Тобыл-Торғай төрінде бауырлас өзбек, қырғыз, татар, башқұрт елдерінен, Қазақстанның басқа облыстарынан және Қостанай облысынан арнайы шақырылған би ұжымдары өнерлерін ортаға салуда.
Сахнаны сан алуан түске бояған өнерпаздар өз елдерінің мәдениетін, салт-дәстүрін, болмыс-бітімін би тілінде шебер жеткізе білді. Дүбірлі думан ертең де жалғасады. Бәріңізді ертең, яғни 22 наурыз сағ. 15.00-де Жастар сарайында күтеміз!