"Сахналық жекпе-жек" облыстық әншілер байқауы басталды. Әр ауданнан 12 өнерпаз бақтарын сынауда. 3 кезеңнен тұратын ән додасы Лисаков қалалық мәдениет және спорт орталығында өтуде.
16.03.2023
853
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Байқау 3 кезеңнен тұрады. 1 кезеңде өңіріміздің композиторларының 1 әнін орындаса, 2 кезеңде жеребе бойынша қарсыластың әнін аспапты сүйемелдеумен орындайды. Ал 3 кезеңге қазылар алқасының шешімімен 5 өнерпаз өтіп, өзара жүлдеге таласпақ.