Бүгін 16 қараша күні Нұржан Наушабайұлы атындағы "Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен..." ІІІ Республикалық жыр-терме, дәстүрлі ән орындаушылары байқауының алғашқы қатысушылары Алматы қаласынан келді
16.11.2022
1108
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Байқау қатысушылары Қостанай ауданы Владимиров ауылында орналасқан тақтақ ақын Нұржан Наушабайұлы бабамыздың ескерткішіне барып құран бағыштап, Владимиров ауылының әкімі Қабылжан Жақсылықұлы мен ауыл ақсақалдары қатысушыларды ыстық ықыластарымен қарсы алып, Нұржан бабамыз жайлы және көптеген ақпараттарды айтып берді.
Бұдан кейін Қостанай қаласының орталығында орналасқан Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне келіп гүл шоғын қойып, тағзым етті.
Тағы да айта кетейік байқау 17 қараша сағат 14:00-де, 18 қараша сағат 11:00-де Қостанай ауданы "Алтын дән" мәдениет үйінде өтеді.