Атырауда Республика күні аясында "Егемендігім — ерен елдігім" атты республикалық ақындар айтысы өткен еді. Жыр додасына еліміздің әр өңірінен 16 ақын қатысқан. Қазылардың шешімімен аламан айтыстың Бас жүлдесін айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиев жеңіп алып, жүлдеге тігілген 1,5 млн теңгені қанжығасына байлады. Жыр додасында оза шапқан ақынымзды Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымы құттықтап, сәттілік тілейді.