Ақтөбе облысының, Ырғыз ауданында «Аймақты әнмен тербетіп...» атты республикалық дәстүрлі өнер фестивалі өтуде. Байқауға Тобыл-Торғай өңірінің намысын ту етіп Жанкелдин аудандық мәдениет үйінің режиссері Фариза Бүркітбай аттанды. Кеше ол 8-ші номерімен сахнаға шықты. Бүгін гала-концерт. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі 3 орынға Фариза Бүркітбай ие болды. Байқау жыл сайын өтетін өңірдегі ірі мәдени жобалардың бірі. Өнер мерекесі өңірлердегі өнерлі таланттарды шыңдауға үлкен ықпалы көп әрі өнегесі мол шара.