Федоров ауданының өнерпаздары Ахмет Байтұрсынұлының 150 – жылдығына арналған «Dala Fest» шығармашылық марафонын жалғастырған еді. Ауданның сәнін келтіріп жүрген өнерпаздар сахнаның көркін ашты. Тамаша көңіл күй сыйлап, әннен шашу шашты.
Өңірдің мәдениет бөлімінің, Мәдениет үйінің басшылары мен қызметкерлеріне, барша өнерпаздарға алғысымыз шексіз.
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «DALA FEST» шығармашылық марафоны осылайша әр жұмада жалғасын тауып келеді.
Естеріңізге сала кетсек, аталмыш марафонның негізгі мақсаты – Қостанай облысының шығармашылық ұжымдары мен әртістерінің халық шығармашылығын насихаттау және дамыту.
Іс-шараны ұйымдастырушылар:
- «Қостанай облысының әкімдігі» ММ;
- «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ.
Іс-шараға қатысушылар:
Қостанай облысының шығармашылық ұжымдары мен әртістері.