Қырғызстан елінде жүрген Нұржайна Таубалды қызымыз ІІІ халықаралық «KGтай - таланттар бастауы» фестиваль-байқауының жүлдегері атанды. Ол жас ерекешелігіне байланысты вокал бағытында 1 орынға ие болып, баршаның үмітін ақтады.
Көпшіліктің тілегі қабыл болып, қазақ елінің, Тобыл-Торғай жерінің туын биіктетті.
Нұржайнаның жетекшісі ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Білім беру ісінің үздігі Қарлығаш Жақыпбекова. Ол байқауда Әбілахат Еспаевтің «Отаным – бақыт ордасы» мен Шәмші Қалдаяқовтың «Теріскей» әндерін орындап, қазылар алқасын тәнті еткен еді.
Байқауға облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен аттанған арқалықтық әншінің жолы ақ болды.