QOSTANAI TV: Жаңа есімдерге жол ашқан «Алтын Микрофон»
27.04.2022
1041
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
XIX халықаралық «Алтын микрофон-2022» байқауы өз мәресіне жетті. Дарынды жас әншілерге даңғыл жол ашып, үлкен қолдау көрсетіп келе жатқан дәстүрлі фестивальдің жеңімпазын анықтау екі күнге ұласты. Дүбірлі дода ұйымдастырушылары - мәдениет басқармасы мен көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы. Кіл жүйріктің ішінен кім жүйрік шыққанын түсіру тобымыз білген еді.