ДК нұсқасы
Установить приложение
Мәселен, ақтаулық үміткер Рашида Мұхаметқызының анасы Жұма Темірханова зор әсермен қайтып бара жатқанын айтыпты.
"Алтын микрофон-2022" байқауын ұйымдастырушыларға көптен-көп рахмет. Керемет деңгейде өтті. Балаларымыз осы жерге келіп, үлкен сабақ алды. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сіздерге Алла разы болсын!" - деп лебіз білдірген ол.
Сондай-ақ, елдің батыс өңірінен келген тағы бір үміткер Ділназ Тілепованың да анасы ыстық лебізін жеткізген.
"Байқау өте жақсы, биік дәрежеде өтті. Ұйымдастыруыларға көп рахмет. Іс-шара бастан-аяқ көңілімізден шықты, қатты ұнады. Лайым жұмыстарыңыз жемісті, табысты болсын!" - жазды ақтаулық Ағила Жұмабаева.
Әріптесіміз Бибігүл ханымның айтуынша, ықылас хаттарын жолдаушылардың санынан жаңылуға болады. Бастысы, мұны шынайы құрмет пен алғыстың, сыйластық пен қимастықтың айқын белгісі деуге болады.