"Алтын микрофон" халықаралық байқауы жалғасын табуда
23.04.2022
804
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Бүгін байқаудың екінші айналымы басталады. Үш топ өкілдері және "Шеберлер" тобының үмікерлері өзара бәсекеге түспек. Кәсіби қазылар алқасының алдында 49 қатысушының үздігін іріктеу міндеті тұр.
Қазылар алқасының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қостанай облыстық филармониясының әншісі Гүлбану Абдулина байқау басталар алдында барлық әріптестері секілді жаңа "жұлдыздың" анықталғанын асыға күтетінін айтты. Жеңімпаз айқындалар сәттің де ауылы алыс емес тәрізді.
Сонымен, "Алтын микрофон-2022" халықаралық байқаудың жаңа жұлдызы кім болмақ? Оны ертең, 24 сәуірде марапаттау салтанатында білетін боламыз!