«Сахналық жекпе-жек»: ақтық айналымда – төрт өнерпаз
16.03.2022
677
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде өңір әншілерінің арасындағы «Сахналық жекпе-жек» атты облыстық байқау басталды.
Байқауға өңірге танымал сегіз әнші қатысты. Үміткерлер Тобыл-Торғай композиторларының әндерін әртүрлі сүйемелдеуден сынға түсті.
Байқаудың алғашқы күнінің нәтижесінде 4 үміткер шешуші үшінші кезеңге жолдама алды. Олар –Тасқын Әжібай, Жалғас Бекзат, Бейбарыс Тойшан және Қанат Ражанов.
Байқаудың үшінші кезеңі ертең «Алтын дән» мәденет үйінде сағат 16.00-де басталады.