Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен Ұлттық Домбыра күніне орай аудан, қала домбырашыларының арасында өткен онлайн күй тартысын қабыл алыңыздар.
03.07.2020
833
0
Aqparaty dostaryńyzben silteme arqyly bólisińiz:
Күй тартысты Құрманғазының «Төремұрат» күйімен бастап берген Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас концертмейстері, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Мұрат Хамитов.
Күй тартысқа Сарыкөл ауданынан Абай Сейдахметов, Ниязұлы Қайсар, Арқалық қаласынан Ерлан Шакиров, Б.Майлин ауданынан Арғынбек Бейбітхан, Қостанай қаласынан Искакова Әсем, Фёдоров ауданынан Мырзахметов Жандос, Амангелді ауданынан Нұрланов Ақжол, Меңдіқара ауданынан Нұрмухамбетов Мейір, Жітіқара ауданынан Құсаев Абай белсене ат салысты.
Киелі мұрамыз домбыраны насихаттап жүрген домбырашыларға шығармашылық табыстар тілейміз!