"Күмбірле, қоңыр домбыра!" Ұлттық домбыра күніне арналған дәстүрлі облыстық күйшілер байқауы мәресіне жетті

Өнердің қайнар көзіне айналған бұл байқау – ұлт рухын жаңғыртып, күй өнерінің құдіретін насихаттауға бағытталған айтулы шара.
Сахна төріне көтерілген үміткерлердің барлығы төл өнерімізді лайықты деңгейде танытып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бірінші орын – Жарылқасынов Әлібек (Б.Майлин ауданы)
Екінші орын – Шакиров Ерлан (Арқалық қаласы)
Үшінші орын – Нұрланов Ақжол (Федоров ауданы) және Ниязұлы Қайсар (Сарыкөл ауданы)
Сонымен қатар, ерекше орындаушылық шеберлік көрсеткен қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды:
"Үздік шертпе күй орындаушысы" номинациясы бойынша арнайы сыйлық – Бейбітхан Арғынбекке (Федоров ауданы) табысталды.
Сарыкөл ауданы әкімінің арнайы сыйлығы – Ғазезов Бекзатқа (Денисов ауданы) бұйырды.
Байқауға қатысқан барлық домбырашылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.





