
Сарыкөл аудандық мәдениет үйінде Ұлттық домбыра күні аясында дәстүрге айналған «Күмбірле, қоңыр домбыра!» атты облыстық домбырашылар байқауы басталды.
Өнер додасына облысымыздың әр түкпірінен келген 18 бен 40 жас аралығындағы 10 үміткер қатысып, өзара күй тартысында шеберліктерін сынға салады.
Қатысушылар байқау талаптарына сай бір төкпе күй, бір шертпе күй, сондай-ақ Тобыл-Торғай өңірі композиторларының бір күйін орындайды.
Байқаудың ашылу салтанатында Сарыкөл ауданының әкімі Марат Шымырбеков құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, күй өнерінің ұлт руханиятындағы маңыздылығына тоқталды.
Байқаудың қазылар алқасына ҚР «Күйшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, танымал күйші Асқар Кенжеғалиев төрағалық етуде.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!




