Байқауда бас жүлдені жеңіп алған Фариза Жоламанова – Федоров ауданының ғана емес, облыстың да мақтанышы. Ол тек жетігенді ғана емес, әншілік өнерді де тамаша меңгерген жас талант. Оның орындаушылық шеберлігі, музыкалық сауаты және ерекше дауысы көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.