Қазанғап Тілепбергенұлының 170 жылдығына арналған республикалық күйшілер байқауында жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, талантын шыңдаған күйшілердің бірі – Диас Орынбасар. Өнерпаз байқаудағы шеберлігі мен орындаушылық қабілетін көрсетіп, қазылар алқасының назарын аударды. Оның өнеріне тәнті болған алқа мүшелері Диасқа ерекше құрмет көрсетіп, оны Матай Қуантайұлы атындағы арнайы жүлдемен марапаттады. Бұл жүлде – жас таланттың өнер жолындағы жетістіктерінің бірі. Жүлде құтты болсын!