Құттықтаймыз! Сырдың бас шаһарында Ұлттық домбыра күніне және Қазанғап Тілепбергенұлының 170, Жалдыбай Елеукеұлының 130 жылдығына арналған «Сыр толқыны» атты I республикалық күйшілер конкурсы өтті.

Күй додасына республикамыздың түкпір-түкпірінен және Қызылорда қаласынан 15 дарынды күйші қатысып, бақ сынады.
Осы сайыста Қостанай ауданының өнерпазы Санай Дінмұхамед
Жолдыбай атындағы арнайы жүлдеге ие болды.
Жеңіс құтты болсын!