Сүйінші! Жетігенші қызымыз Гүлбахар Назар «Дарындар әлемі» байқау-фестивалінен бірінші орын алып, жеңіспен келе жатыр.
Ақтау қаласында, қарт Каспийдің жағасында жас дарындардың басын қосқан республикалық «Дарындар әлемі» байқау-фестивалі өтті. Байқауды алғаш рет «Daryn» продюссерлік орталығы ұйымдастырып отыр. Аталмыш байқауға біздің өңірден жас жетігенші Гүлбахар Назар аттанған еді. Ол мыңнан жүйрік болып оза шауып, орта топта «Жетіген» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді. Гүлбахардың жетекшісі – Мөлдір Құлымбетова.
Байқауға еліміздің әр өңірінен Ақтөбе, Алматы Атырау, Қостанай, Ақтаудан барлығы 62 үміткер қатысқан.
Гүлбахардың баруына мәдениет басқармасы және облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы бастамашы болып, орталықтың халық шығармашылығы бөлімінің жетекшісі Гүлнар Молдашева бас болып, алып барған еді.
Еңбектері жоғары бағаланған жеңімпаздар жүлдемен келе жатыр. Құттықтаймыз!!!


