Қостанай қаласында "Жастар сарайының" концерт залында Ұлттық домбыра күніне арналған облыстық "Ғасырлар пернесі" қазақ ұлт аспаптары ансамбльдері фестивалі өтті.
Фестиваль Қостанай облысының үздік көркемөнерпаздар ұжымдарын насихаттау, жастар арасында ұлттық шығармаларды дәріптеу, сондай-ақ аудан, қалалардың мәдениетіне, өнеріне, ұлттық ұжымдарға қолдау жасау.
Өнер кешіне облысымыздағы аудан, қалалардан үздік деген ұжымдар келді. Олар алдағы уақытта республикалық деңгейде өтетін байқаулар мен фестивальдерде өнер көрсететін болады.
Фестивальде өнер көрсеткен барлық ұжымдар 150 мың ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Алтынсарин ауданы «Мұрагер» қазақ ұлт аспаптар ансамблінің жетекшісі Айбек Сыздықов республикалық Күйшілер одағының құрамына қабылданды. Ал ҚР мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтің атанын келген Алғыс хат жас талант, домбырашы Арқалық қаласынан келген Әділ Кәкиұлына табысталды.