Облыстық халық шығармашылығы орталығының қолдауымен, 15-16 тамыз күндері Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында өткен Республикалық "Аймақты әнмен тербетіп" атты термешілер байқауында, Қостанай облысы Арқалық қаласынан шыққан термеші Тойшин Нұрдәулет екі күнге созылған фестивальде өнер көрсетіп, алғыс хатпен марапатталды. Ұлттық жыр-термені насихаттауда қосып жүрген үлесі үшін Нұрдәулетке алғысымызды білдіреміз.