Құттықтаймыз!!! Күллі айтыссүйер қауымға танымал «Құлманбеттің сарқыты» атанған Оразалы Досбосыновтың туғанына 50 жыл толуына орай Алматы облысында «Құлманбеттің құлыны» атты республикалық оқушылар айтысы ұйымдастырылды.
Осы айтулы додада Қостанай облысының намысын қорғаған жас айтыскер Нұрислам Рағат жүлделі ІІІ орынды иеленіп, облысымыздың мерейін үстем етті.
Жетекшісі Айбар Талапұлы Алғысхатпен марапатталды.
Алдағы уақытта да биіктерден көріне беруіне тілектестік білдіреміз.
Жас дарынды жеңісімен құттықтаймыз!



