altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
Бүгін Ақтау қаласындағы Достық үйінде сағат 11:00-де ұлттық рух пен өнерді ұлықтайтын айтулы шара — «Маңғыстау – түркі мәдениетінің төрі» атты республикалық командалық айтыс өз шымылдығын түрді
10.07.2025
670
0
Теги: Айтыс
Бұл дода — еліміздің әр аймағынан келген сөз шеберлерінің басын қосқан ерекше форматтағы мәдени шара.
Айтысқа Қазақстан құрамасы, Маңғыстау, Қарағанды және Түркістан облыстарының командалары қатысып, суырыпсалма өнердің озық үлгісін көрсетуде. Жиырма аймақ қатысқан іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен топтар арасындағы супер финалдық сайыс қазіргі таңда қызып жатыр.
 
Шараға белгілі айтыскерлермен қатар, әнші-күйшілер, жыршы-термешілер, өнер саласының майталмандары жиналды.
 
Қостанай облысынан бұл рухани аламанға облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері Мұрат Нағашыбай республикалық айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының арнайы шақыртуымен тәжірибе алмасу мақсатында қонақ болып қатысуда.
 
– Республикалық командалық айтыс – көмескі тарта бастаған дәстүрлі өнерді жаңғыртуға бағытталған ауқымды мәдени жоба. Мұнда тек айтыс емес, бес түрлі ұлттық өнер түрі – жыр, терме, дәстүрлі ән, күй тартыс пен айтыстың түрлі үлгілері бір сахнада тоғысады. Бұл – бұрын-соңды болмаған ерекше формат.
Жоба «AMANAT» партиясының бастамасымен былтырдан бері қолға алынып келеді. Авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай. Ал барлық кезеңіне әділ төрелік етіп келе жатқан – айтыс өнерінің абызы, Жүрсін Ерман ағамыз.
 
– Командалық форматтың артықшылығы қандай?
 
– Бұл – ұжымдық шығармашылықты танытатын тың үлгі. Бір сахнада бес өнер түрі қатар көрініс табуы – көркемдікке жаңа серпін беріп, халықтың рухани дүниесін байыта түседі. Әр айтыскер өз командасымен бірге өнер көрсетіп, ұлттық мұраны жаңаша жеткізеді.
 
– Айтыстың қандай түрлері қамтылды?
 
– Сүре, түре, қайым, өтірік өлең секілді сирек кездесетін, тарихи терең айтыс түрлері қайта жаңғыртылды. Бұл жастар үшін де, көрермен үшін де тың дүние болды.
 
– Айтыстың Маңғыстауда өтуі туралы не айтасыз?
 
– Бұл – жай ғана таңдау емес. Маңғыстау – түркі мәдениетінің төрі. Осындай тарихи жерде ұлттық өнердің қайта түлеп жатқаны – өте орынды әрі мағыналы. Өңірдің мәдени салмағын арттыра түсті.
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
09.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
07.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласында спорт ардагері Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы еркін күрестен Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті
06.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Өшпес өнеге - ұстаздан
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда Мирас мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» атты сәндік, қолданбалы, бейнелеу және қолөнер көрмесі өтті
01.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
30.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
30 қыркүйекте «Мирас» қалалық мәдениет сарайының директоры З. Иманова және оның қызметкерлері ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. Бұл күні қонақтарға жылы лебіздер айтылып, зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр және көңіл-күйдің көтеріңкі болуын тіледі!
29.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Сіздерді 2 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концертіне шақырамыз! Кіру тегін!
28.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
28 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Петрушка» балалар театры @petrushka_kst жетекшісі Хабибулина Н.Д.«Жанұя» @zhanyia.kst балалар үйіне барды
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Туған жерге тағзым» мерекелік кеші өтті
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Мұқаш – ел аманаты» атты тарихи қойылымының премьерасы өтті.
26.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Ізденіспен өткен 30 жыл: «Ақдариға» халық хорының жетекшісі Арыстанбай Өмірзақовпен сыр-сұхбат
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Өшпес өнеге - ұстаздан
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.10.2026
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
01.10.2026
«Туған жерге тағзым» мерекелік кеші өтті
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
28.09.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру