Сарыкөл аудандық мәдениет үйінде қазақтың ұлы ғалымы, этнограф, ағартушы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шығыстың шоқ жұлдызы» атты облыстық ақындар айтысы салтанатты түрде басталды
Ел руханиятын ұлықтауға арналған бұл жыр додасына облыстың аудан-қалаларынан 16 айтыскер ақын қатысып, жырмен жарысқа түсті.
Сахна төрінде ұлттық мұрамызды ұлықтап, Шоқандай ірі тұлғаның ғибратты ғұмырын жырға қосқан ақындарға қолдау білдіруге «AMANAT» партиясы «Мирас» қоғамдық бірлестігінің төрағасы сондай-ақ «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Кенжеш Аманова келді.
Қазылар алқасына айтыс жанашыры, сөз өнерінің білгірі Әбутәліп Әмір төрағалық етуде.
Жыр бәйгесінің шымылдығын ашып, жылы лебізін білдірген Сарыкөл ауданының әкімі Марат Шымырбеков айтыскерлерге сәттілік тілеп, бұл шараның жас ұрпаққа үлгі болатынын атап өтті.
Ақындарымызға жыр додасында сәттілік тілейміз!

