Би-ағаңның ауданында атақты жазушы және ақын Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына арналған «Бейімбеттің биігі» атты облыстық ақындар айтысы да өз мәресіне жетті.
Мерейтой аясында ұйымдастырылған бұл айтысқа өңірдің ең танымал ақындары қатысқан болатын.
Бас бәйге — рудныйлық Ғалымгерей Кенжеғозинге бұйырды.
I орын — Мамай Ізтілеуов (Б.Майлин а.)
II орын — Батырлан Сағынтаев (Арқалық қ.)
III орын — Медет Байзақов (Қостанай а.) және Науат Жакатаева
(Қостанай қ.)
Қ.Әбіл атындағы арнайы жүлде иегері — Байбатыр Ахметбеков (Жангелдин а.)
Жеңімпаздар арнайы марапаттармен және жүлде қорымен марапатталады.
Ғалымкерей Кенжеғозин, Мамай Ізтілеуов пен Батырлан Сағынтаев кеуделеріне арнайы төс белгі тақты.
Айтысқа қатысқан Бейімбет Майлин бабамыздың ұрпақтары ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді. Би-ағаңды жырға қосқан ақындарға сый құрмет көрсетті.
Айтыс облыстық мәдениет басқармасы, облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы және «Б.Майлин аудандық әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ ұйымдастыруымен өтті.