#REPOST @amanzhol_altai Тобыл - Торғай төрінде Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбілге арналған Республикалық ақындар айтысы өтті. Алашты жырымен әлдилеген ардақты ақын ағаның сан қырлы тұлғасын ақындар өлең өрімімен өрнектей білді
Айтулы шараны “Айтыс ақындары мен жыршы - термешілер одағы” мен Қостанай облысының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырдық.
Жүрсін Ерман ұстазымыз бастаған қазылар алқасына, айтыс ақындарына, ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғыс білдіремін.
Айтыстың толық нұсқасын алдағы уақытта “Айтыс қазына” ютуб арнасынан көре аласыздар.


