«Бала ақын – жас дарын» атты Республикалық оқушылар айтысында Қостанайлық жас ақын топ жарды
2018 жылғы 29 қарашасы күні Елбасының Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында Көкшетау қаласында, Ақмола облысының мәдениет басқармасы мен облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Үкілі Ыбырай» атындағы облыстық филармониясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Бала ақын – жас дарын» атты Республикалық оқушылар айтысы болып өтті.
Айтыстың мақсаты: ұлттық өнерді, оның ішінде ақындар айтысын жандандыруды көздеген.
Айтыс қорытындысы бойынша Қостанай облысының намысын қорғаған Ержан Сәндібек жүлделі ІІІ орынға ие болды.