Бүгін Астана қаласында мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына -2023» фестивалінің салтанатты ашылуы болды
Онда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Қарсақбайқызы Сейітова құттықтап, ақ жол тіледі.
Әділқазылар алқасының қарауына кітапхана саласы бойынша 78 өтінім, мәдени демалыс ұйымдарынан 70 өтінім, музей саласынан 25 өтінім келіп түскен.
Бүгін және ертең белді өнер қайраткерлері мен саланың майталмандарынан тұратын қазылар алқасы үміткерлеріміздің көрсетілімін сараптайтын болады.
Біздің облыстан аттанған үміткерлер де жұмыстарын таныстыруда.
Федоров ауданынан барған Данияр Сәрсембетов өз жобасын қорғап шықты. Мәдениет үйлері арасында Үрпек ауылдық клубы да бүгін қорғайды. Оларға сәттілік тілейміз.
Ертең де жерлестерімізге сәтті күн болсын.
1 желтоқсан күні «Рухани қазына - 2023» фестивалінің қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттайтын болады.
Фестиваль 2018 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Әр номинация бойынша өңірлерден жеңімпаз атанған жүздеген үміткерлер ішінен ең үздіктері жеңіске жетіп, ақшалай сыйлықтарға ие болды. Бұл – өңірлердегі кітапханалар, музейлер мен мәдени ошақтардың жұмысын жетілдіріп, қызметкерлерін ынталандырып отырған біргей бастама.
#ГидПоКазахстану