ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Күні кеше ғана Қазалы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл, Қазалы ауданының құрылғанына 95 жыл толуына орай "Тамыры терең, тарихы кенен - Қазалы" атты республикалық ақындар айтысы өтті. Сөз бәйгесіне жерлесіміз Тоба Өтепбаев қатысып, 10 ақынның арасынан жүлделі 1 орынға ие болды. Тоба Монтайұлын жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз!