Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған «Ардагер Амангелді – ердің ері!» атты республикалық ақындар айтысының бірінші кезеңі де аяқталды
#ГидПоКазахстану
Сахна төріне шыққан жеті жұптың ішінен алты ақын ақтық сайысқа өтті.
Олар:
Батырлан Сағынтаев;
Мұхтар Ниязов;
Әсем Ережеқызы;
Шұғайып Сезімхан;
Жұлдыз Қожабекова;
Нұрлан Есенқұлов;
Ертең айтыстың нағыз қызатын шағы. Сөз маржанын сүзіп, кестелі өлең түзіп, кесек ойлар айтатын от ауызды, орақ тілді ақындардың ішіндегі жеңімпаздың есімі ертең белгілі болады.
Ертең 18 00 –де аудандық орталық стадионда айтыстың екінші бөлімі, ақтық кезеңі болады. Келіңіздер, көріңіздер.



