Жітіқара ауданында Ақсұлу Орысбайқызының 150 жылдығына арналған «Айтыстың Ақсұлуы...» атты облыстық ақындар айтысы өз мәресіне жетті.
Жыр додасына үкілі домбыраларын алып, алқалы топтың алдында өнер бәйгесінде көсіле шабуға облыс көлемінен 12 ақын қатысты.
Қазылар алқасының құрамындағы Әсия Беркенова – халық ақыны, бүгінгі бәйгенің қазылар алқасының төрайымы, Ақылбек Шаяхмет – ҚР мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, ақын, Серік Қалиев – ақындар мектебінің мүшесі өз шешімдерін шығарып, бағаларын берді.
Сонымен айтыстың
Бас жүлдесі – Батырлан Сағынтаев (Арқалық қаласы);
1 орын – Мамай Ізтілеу (Б.Майлин ауданы);
2 орын – Салтанат Өтелбаева (Қостанай ауданы);
3 орын – Марғұлан Оспанов (Қостанай қаласы).
Қалған қатысушылардың барлығы да дипломдармен, мүсіншелермен және ақшалай марапатталды.
Айтысты ұйымдастырған Жітіқара ауданы әкімшілігі мен Қостанай облыстық мәдениет басқармасы. Өнер додасын өткізуге атсалысқан барша жандарға алғысымыз шексіз.