Арқалық қаласында ертең «Жас тұлпар» облыстық оқушылар айтысы өтеді. Жыр додасы Торғайдың топ жарғаны, халық ақыны – Нұрхан Ахметбековтың 120 жылдығына арналған.
Әр өңірдің үмітін үкілеп келген кілең жүйріктері бүгін Арқалық қаласында бас қосуда. Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының қызметкерлері жас дарындарды күтіп алып, ертеңге дода алдында қаладағы мәдени ошақтары Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы мен Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ішіндегі Ыбырай Алтынсарин атындағы мұражайға экскурсия жасап, ел азаматы, айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиевпен кездесу ұйымдастырды.
Ертең 11.00-де Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында оқушылардың айтысы өтеді. Келіңіздер, жүйріктердің жыр додасын тамашалаңыздар!