Ақтөбе облысының, Ырғыз ауданында «Аймақты әнмен тербетіп...» атты республикалық дәстүрлі өнер фестивалі өтуде. Байқауға Тобыл-Торғай өңірінің намысын ту етіп Н. Ахметбеков атындағы Жанкелдин аудандық мәдениет үйінің режиссері Фариза Бүркітбай аттанған еді.
Бүгін Ырғыз жерінен қуанышты хабар жетті. Фариза байқауда үшінші орынды жеңіп алды. Ол эстрадалық ән жанрында үздіктер қатарынан көрінді. Сахна төрінде ғана емес, отбасы бақытын да шалқытқан, төрт баланың аяулы анасы, талапты әнші, әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз!!!
Байқау жыл сайын өтетін өңірдегі ірі мәдени жобалардың бірі. Өнер мерекесі өңірлердегі өнерлі таланттарды шыңдауға үлкен ықпалы көп әрі өнегесі мол шара.