Республикалық ақындар айтысына елге танымал Айбек Қалиев, Мейірбек Сұлтанхан, Нұрмат Мансұров, Төлеген Жаманов, Нұрлан Есенқұл, Еркебұлан Қайназар, Салтанат Өтелбаева, Айбар Рағат, Батырлан Сағынтай секілді ақындар қатысып жатыр. Айтыстың ақтық айналымы ертең өтеді.
Айта кетейік, ақындар додасының тізгіні — Жүрсін Ерманда. Төрешілер — Әсия Беркенова, Аманжол Әлтай, Абылай Мауданов, Серік Қалиев, Серікбай Оспанов.