Қазақтың рухани көсемі, Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы елімізде ғана емес, ЮНЕСКО көлемінде әлемнің бірнеше елінде, кең ауқыммен тойлануда.
Еліміздің әр жерінде түрлі шаралар бастау алды. Соны бірі Алматы қаласында өткен «Ұлт ұстазы – Ахмет» атты жас ақындар айтысы.
Дүбірлі тойға арналған мерекелік шаралар Тобыл-Торғай өңірінде де кезең-кезеңімен өтетін болады.