Ұлт ұстазы Ахаңның 150 жылдық мерейтойына арналған "Жас тұлпар" оқушылар айтысына төрін ұсынып, іс-шараның өз деңгейінде өтуіне ықпал жасаған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің басшылығына зор алғыс айтамыз.
Сондай-ақ, Қостанай және Жітіқара аудандарының мәдениет бөлімдеріне, айтыс алдында жас ақындарға шеберлік сабағын өткізіп, жобасының басы-қасында болған Марғұлан Оспановқа және қазылар алқасының мүшелеріне рахмет айтқымыз келеді.
Отызыншы рет ұйымдастырылған, Балалар жылына орайластырылған облыстық оқушылар айтысына ақпараттық сүйемел жасаған жергілікті және республикалық БАҚ өкілдеріне ризашылығымызды білдіреміз!