Бүгін Қостанай қаласында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және Балалар жылына орай ХХХ "Жас тұлпар" облыстық оқушылар айтысы басталды.
Жас айтыскерлер додасы Ахаң атындағы Қостанай өңірлік университетінде өтіп жатыр. Өлең сайысына облыстың әр өңірінен 10 жас ақын келген. Олардың өнеріне қазылар алқасының төрайымы, қазақ еліне танымал айтыскер Әлпия Орманшина, "Жас тұлпар" айтысының үш дүркін жеңімпазы, дәстүрлі әнші Қыдырбек Қиысхан және филолгия ғылымдарының кандидаты, ҚӨУ профессоры Қарлығаш Нұрмұхаметова баға береді.