altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
Жыл қорытындысы
30.12.2025
1452
0


2025 жыл Қостанай облысының мәдениеті мен халық шығармашылығы саласы үшін мазмұнды да нәтижелі болды десе де болады. Жыл бойы атқарылған жұмыстар ұлттық мәдени мұраны сақтау мен дамытуға, дәстүрлі өнердің сабақтастығын нығайтуға, дарынды өнерпаздарды қолдауға және өңір тұрғындары үшін шығармашылықты нығайтуға бағытталды.
 
Жыл шымылдығы 20 ақпан күні Федоров ауданында өткен жетіген аспабында орындаушылардың облыстық «Жетігеннің үні» байқауымен ашылды. Бұл байқау 2025 жылғы мәдени бағыттың негізгі басымдықтарын айқындап, дәстүрлі өнерді дәріптеу, орындаушылық шеберлікті арттыру және жастарды ұлттық өнерге тарту жолындағы жүйелі жұмыстың бастамасы болды.
 
Жыл бойы халықаралық, республикалық, облыстық, өңірлік және қалалық деңгейдегі түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, байқаулар, фестивальдер, айтыстар, гала-концерттер, шығармашылық кештер, шеберлік сабақтары мен кездесулер өтті. Бұл шаралар вокал, хореография, поэзия, айтыс, жыр-терме, аспаптық және театр өнері сынды сан алуан жанрларды қамтыды.
 
Облыстық халық шығармашылығы орталығының мониторинг бөлімінің деректеріне сәйкес, 2025 жылы барлығы 44 негізгі іс-шара өткізілген, оның ішінде:
халықаралық – 3;
республикалық – 9;
облыстық – 12;
өңірлік – 4;
қалалық – 1;
шығармашылық кездесулер – 1;
шеберлік сабақтары – 11;
сұхбаттар – 3.
 
Жылдың ірі мәдени оқиғалары
 
Жылдың ең айтулы оқиғаларының бірі – Халықаралық «Алтын микрофон – 2025» вокалдық байқауы болды. Бұл байқау музыка мен шабыттың жарқын мерекесіне айналып, талантты орындаушыларды, кәсіби қазылар алқасын және көпшілік көрерменді бір арнаға тоғыстырды. Байқауға қатысқан алыс-жақын шетелдер мен еліміздің өзге өңірлерінен келген қонақтар ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға берді.
«Алтын микрофон» жыл сайын қатысушылар географиясын кеңейтіп, халықаралық мәдени кеңістіктегі беделін нығайтып келеді. Қазіргі таңда бұл жоба – Қостанай облысының танымал мәдени брендіне айналып, жаңа есімдерді ашып, қазақ өнерін әлемге танытып отырған ауқымды алаң.
 
Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған іс-шаралар
 
2025 жылғы мәдени күн тәртібінде ұлт руханиятының ірі тұлғасы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған шаралар айрықша орын алды. Осыған орай республикалық айтыстар, жыр-терме байқаулары, гала-концерттер және республикалық ақындар мүшәйрасы «Рухқа толы жалын жырлары» ұйымдастырылды.
 
«Рухқа толы жалын жырлары» республикалық мүшәйрасы
 
Аталған мүшәйра Міржақып Дулатұлының әдеби мұрасын насихаттауға, жас ақындарды қолдауға, қазақ поэзиясының дамуына серпін беруге және ұлттық рухты нығайтуға бағытталды. Байқау ел көлеміндегі талантты қаламгерлерді біріктіріп, мазмұнды шығармаларымен ерекшеленді.
Шығармашылық және мерейтойлық кештер
Жыл ішінде өңірдің рухани өмірінде елеулі орын алған бірқатар шығармашылық және мерейтойлық кештер өтті:
 
Ұлы Отан соғысының ардагері, Қостанай облысының Құрметті азаматы Қасымхан Алдабергенұлының 100 жылдығына арналған «Қазыналы қарт майдангер» кездесуі;
 
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Серікбай Оспановтың 80 жылдығына арналған «Тобыл ағады» шығармашылық кеші;
 
Қазақстанның халық ақыны, «Құрмет» және «Барыс» ордендерінің иегері Әсия Беркенованың 75 жылдығына арналған салтанатты шаралар;
 
ҚР мәдениет қайраткері, «Қазына» сыйлығының лауреаты, айтыскер-ақын Әлпия Қарбозқызы Орманшинаның 70 жылдығына арналған «Мен даламның қызымын» атты мерейтойлық кеш.
 
Театр өнері
Мендықарин ауданында өткен Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» республикалық сатира және юмор театрлары байқауы театр өнерінің дамуына серпін берді. Байқауға еліміздің түрлі өңірлерінен сегіз театр ұжымы қатысып, бұл жоба Қостанай облысында бесінші рет жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
 
Негізгі көрсеткіштер
2025 жылы облыс көлемінде 16 520 мәдени іс-шара өткізіліп, оларды 2 071 227 көрермен тамашалады.
 
Облыста барлығы 1 236 клубтық құрылым жұмыс істейді, оған 13 930 адам қатысады.
 
Соның ішінде:
балалар клубтық құрылымдары – 624 (6 933 қатысушы);
ересектер клубтық құрылымдары – 612 (6 997 қатысушы).
Жыл ішінде домбыра, жетіген, қобыз, вокал, айтыс, хореография бағыттары бойынша және «Алтын микрофон» жобасы аясында 11 шеберлік сабағы өткізілді.
 
Жетістіктер
2025 жылы Қостанай облысының шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылары республикалық және халықаралық байқауларда 17 жүлделі орынға ие болды:
Гран-при – 3;
I орын – 4;
II орын – 1;
III орын – 9.
 
Жыл қорытындысы
Жылдың қорытындысы «Шаңырақ» ұлттық өнер орталығы ұйымдастырған, шығармашылық отбасыларға арналған «Қос жүректің әуені» атты концерт болды. Бұл кеш – өнер мен өмірді қатар өрген отбасылық дуэттердің басын қосқан, жылулық пен рухани сабақтастықты дәріптеген тағылымды мәдени шараға айналды.
 
Жыл бойы өткен байқаулар мен фестивальдердің үздік ұжымдары мен өнерпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 
2025 жылдың тағы бір маңызды жетістігі – Облыстық халық шығармашылығы орталығының республикалық деңгейде мойындалуы. «Рухани қазына – 2025» республикалық фестивалінде Қалқаев Дәмер Елтайұлы жетекшілік ететін орталық «Үздік облыстық мәдени-демалыс кешені» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, арнайы дипломмен марапатталды. Бұл — үлкен жетістік.
 
Барша қатысушыларға, ұйымдастырушыларға, серіктестерге, шығармашылық ұжым жетекшілеріне, меценаттарға және көрермендерге өңір мәдениетінің дамуына қосқан үлестері үшін шынайы алғыс білдіреміз.
Облыстық халық шығармашылығы орталығы баршаңызды Жаңа жылмен құттықтайды!
Жаңа жыл жаңа идеялар, тың жобалар мен шығармашылық табыстарға толы болсын! Алдағы уақытта да бірлескен жұмыстарымыз жалғасын тауып, мәдениет саласындағы игі бастамалар еселене берсін!
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру