Тобыл төрінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған "Тәуелсіздік, елімнің тұмарысың!" атты республикалық айтыс дүркіреп өтті. Ақындар аламаны басталмас бұрын ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, танымал ақын, айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерман, әйгілі жыршы, жырау, фольклор зерттеушісі Алмасбек Алматов және айтыскерлер Ыбырай рухына тағзым жасады.
Құрметті меймандар ұлы ұстаздың кесенесіне барып, аруағына құран бағыштап шықты. Сондай-ақ, ағартушының Қостанай қаласының қақ ортасындағы еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, естелік суретке түсті. Осы іс-шараның бейнебаянын назарларыңызға ұсынамыз!